13 ақпанда (жұма) Корей мәдени орталығы Vivaldi Art Center-мен бірлесіп, ай күнтізбесі бойынша корей Жаңа жылы — Соллальға арналған мерекелік музыкалық концерт өткізді.
Іс-шара барысында қонақтар дәстүрлі корей мерекесінің мән-мағынасымен танысты. Жас орындаушылар мен вокалистер алуан түрлі бағдарлама ұсынды: корейдің «Ариран» халық әні, балалар әндері, қазақ халық шығармалары, сондай-ақ классикалық және опералық нөмірлер орындалды.

