2026 жылғы 17 қаңтарда Vivaldi Art өнер білім беру орталығы ұйымдастырған ASTANA CHOIR COMPETITION хор ұжымдары мен вокалдық ансамбльдердің халықаралық конкурсы өтті. Конкурс қашықтан өтіп, әртүрлі елдер мен Қазақстан қалаларынан 29 хор ұжымының басын қосты.
Іс-шараға Bambino, «Ұлттық ұстаз» және АЛЕМ университеті демеушілік қолдау көрсетті.
Конкурс финалы 17 қаңтарда Астана қаласында АЛЕМ университетінің базасында (Түркістан даңғылы, 16) онлайн форматта өтті.
Конкурс аясында 15–17 қаңтар аралығында «Қазақстанның хор өнері: инновациялар және орындаушылық» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары да өткізілді. Қазылар алқасының мүшелері хор орындаушылығының өзекті мәселелеріне арналған дәрістер оқыды. Курстар барысында ұжым жетекшілерімен хор орындаушылығы, музыкалық білім беру және тәрбие мәселелері талқыланды. Курстар аяқталған соң барлық қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификаттар берілді.
Конкурстың қазылар алқасы
- Алагузов Турум Сагидоллаевич — Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының құрметті профессоры;
- Сметова Алмагуль Амантаевна — педагогика ғылымдарының кандидаты, Мәдениет саласының үздігі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің үздік педагогы, профессор, Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Музыкалық орындаушылық» факультетінің деканы;
- Аргингазинова Гульнара Болатовна — философия докторы (PhD), Мәдениет саласының үздігі, қауымдастырылған профессор (доцент), Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті «Дирижерлеу» кафедрасының меңгерушісі;
- Евгений Устинсков — педагогика ғылымдарының докторы, Daugavpils Sinfonietta симфониялық оркестрінің, Daugava кәсіби үрмелі оркестрінің және Daugava, Forte, Nojauta хорларының көркемдік жетекшісі;
- Батыржан Смаков — ҚазҰӨУ «Дирижерлеу» кафедрасының аға оқытушысы, «Астана Опера» театрының шақырылған солисі, МВА магистрі, халықаралық конкурстардың лауреаты, Италия Жұлдызы орденінің кавалері, «ЮНЕСКО-ның бейбітшілік жолындағы әртісі».
ASTANA CHOIR COMPETITION халықаралық конкурсы хор өнерін дамытуға, талантты ұжымдарды қолдауға және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ететін беделді мәдени-білім беру алаңы ретіндегі маңызын дәлелдеді.

