Курс авторы: Батыржан Смаков — опера әншісі, дирижер. Италия Жұлдызы орденінің кавалері, «ЮНЕСКО-ның бейбітшілік жолындағы әртісі». ҚазҰӨУ «Дирижерлеу» кафедрасының оқытушысы. «Астана Опера» театрының шақырылған солисі. Халықаралық опера әншілігі академиясының (Италия), Дж. Россини атындағы консерваторияның (Италия) түлегі, МВА магистрі.
Дәріс тақырыптары
- «Дауыс жаттықтыру» — хормен жұмыстың ең маңызды құрамдас бөлігі. Мұнда итальяндық вокал әдістемесіне негізделген жаттығулар ұсынылған.
- «Дирижерлік сызбалар мен штрихтар. Практикалық жаттығулар». Негізгі дирижерлік сызбалар, сондай-ақ дирижерлік аппаратты дамытуға арналған жаттығулар кешені.
- «Дирижер тұлғасының портреті». Хор ұжымының жетекшісі — дирижердің кәсіби және тұлғалық қасиеттері.
- «Колледж бен жоғары оқу орнының жоғары курс студенттеріне арналған әдістемелік ұсынымдар». Хор ұжымымен жұмыс істеудің негізгі қағидаттарын талдау. «Хорды дирижерлеу» кафедрасының педагогтары мен жоғары курс студенттеріне көмек ретінде.
- «Музыкалық терапия — көптеген дерттің емі».
- «Дирижер мамандығы туралы».
Курс соңында қатысушылар дәрістер курсын (16 академиялық сағат) аяқтағаны туралы атаулы сертификат алады.

